Ислам

Ассалаума алейкум!Уйм жакын болгансон агаш мештке жума намазына барып турам.Ол мештте намаз 1жарымда басталады,осы дурыспа?жанеде азан шакырганда НурМухаммадар росулуллаh деп,нур деген создi косады,бул бидгатка жатпайма?жума намазынын алгашкы 4ракат суннетiн оку мiндетпе,ягни бекiтiлгенбе?Алла разы болсын!


Уағалейкумассалам!!!
Жұма намазына бірінші азан шақырылғаннан кейін төрт рәкәғат сүннет намазы оқылады.Бұл бекітілген сүннет.
Ибн Аббас риуаят етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Жұманың (парызының) алдында төрт рәкағат намаз оқитын.(Табарани)
Ибн Масғуттан:Нәби (с.ғ.с) Жұмадан бұрын (парызынан) бұрын және кейін төрт рәкағаттан намаз оқитын.(Ал-Муатта).
Ағаш мешітте жұма намазы сағат 13:00 де оқылатын болып шешілді.
Азан шақырғанда Әшhәду әннә Мұхәммәдәр расулуллаh! деп айтылуы керек.
Абдуллаh ибн Зәйд көрген түсін баяндай келе былай дейді: «Қағбаны айналып жүрген бір кісінің қолындағы қоңырауды көрдім де, «Мынаны маған сатасыңба?» деп сұрадым.Ол : «Сен мұнымен не істемексің?» деп сұрады.Мен: «Мен мұнымен намазға шақырамыз» деп жауап бердім.Ол: «Мен саған бұдан да жақсысын көрсетейнбе?»деді.Мен : «Ия»,деп жауап бердім.Ол : «Аллаhу әкбәр! Аллаhу әкбәр! Аллаhу әкбәр! Аллаhу әкбәр! Әшhәду әллә иләhә иллаллаh! Әшhәду әллә иләhә иллаллаh! Әшhәду әннә Мұхәммәдәр расулуллаh! Әшhәду әннә Мұхәммәдәр расулуллаh! Хәййя ъәлас салаh, Хәййя ъәлас салаh! Хәййя ъәләл фәләх, Хәййя ъәләл фәләх! Аллаhу әкбәр! Аллаhу әкбәр! Лә иләhә иллаллаh деп айтасың деді. Одан кейін менен сәл шегініп тұрып,егер намазға қамат айтсаң деп жоғарыдағы сөздерге «Хәййя ъәләл фәләх» дегеннен кейін «Қад қаматис-салаh», «Қад қаматис-салаh» деген сөздерді қосып айтты.Таң атқанда Аллаhтың елшісіне (с.ғ.с) келіп,оған түсімді айтып бердім.Ол (с.ғ.с): «»Аллаh қаласа, бұл-шын түс Біләлмен тұрып,оған көрген түсіңді айт,ол(сол сөздермен) азан шақырсын.Ол саған қарағанда жағымды зор дауысты»,Оны (азанды) естіген Омар ибн әл-Хаттаб үйінен шапанын сүйрей шығып: «Сені шындықпен жіберген Аллаhтың атымен ант етемін. Менде оның көрген түсі секілді түс көрдім»,-деді»,-деген.(Әбу Дауд,әт-Тирмизи,Ахмад).

Жауап берген Қос мұнаралы Орталық мешіттің найб имамы Серікқали Бейсенұлы.