Осы бастаманы орындау мақсатында Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен Шар ауылының имамы Досжанов Ғалымбек имамның ұйымдастыруымен Суық-бұлақ кенті мешіті жанынан тынығу бөлмесі ашылды.
Мұнда сапарлатып ары-бері өтетін жолаушыларға тегін интернет вай-фай желісі, жылы сумен дәрет алу, ыстық кофе – шәй, алғашқы медициналық көмек үшін дәрі дәрмектер, ұялы телефонын қуаттандырғышы, сабын және антисептик, сүлгі – орамалдар, ыстық және суық сусындар т.б… барлық жағдай жасалған. Алла қаласа Семей аймағына қарасты жол бойындағы барлық мешіттерге осындай жағдайды жасауды жоспарлаудамыз. Осы игі шараға жанашыр жандарды шақырамыз.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру