«Өнерлімен жолдас болсаң
Үлгі аласың.
Өнерсізбен жолдас болсаң,
Құр қаласың» – деп дана халқымыз айтқандай. «Әйел-қыздар секторы»
Өнерлі қыз қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізіп келеді.
Семей қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы мешітінде қыз келіншектерге арналған тігіннен шеберлік сағаты өтті. Дәстүрлі бұйымдар тігумен айналысатын Гүлзат Құдайбергенқызы жас қыздарға құрақ көрпе тігудің қыр сырын үйретті. Шәкірт қыздар өз қолдарымен құрақ құрап көрпені бастан аяқ бірге тігіп шықты. Аталған іс шара өнерлі апа-әжелеріміздің қолынан келетін, кейіннен ұмыт қалған өнердің жандануына үлкен септігін тигізді. Тігілген көрпелер сатылып қайырымдылыққа жұмсалады. Он саусағынан өнер тамған
Гүлзат Құдайбергенқызы да өз қолымен тіккен көрпелерді сатып, түскен қаражатты мешіттің жарығына төлеп көмектесіп келеді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру