«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жөнінде бастама көтерген болатын. Бүгінде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Алдағы уақытта салттық қызмет көрсететін орталықтар ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізсе қабір басындағы келеңсіздіктер тоқтап, бірізділікке келеді деген ниеттеміз» дейді наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы.
Пікір қалдыру