Аягөз қалалық мешіті ауласында Жастар ісі секторы мен «Әйел –қыздар» секторы мүшелері ұйымдастыруымен «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Сектор мүшелері өздері дайындаған ас мәзірлерін, тағы басқа тағамдарды жұма намазына келген жамағатқа ұсынды. Түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру