Жаңа студияның жұмысына сәттілік тілеген Бас мүфти Алаш қайраткерлерінің аманатына берік орын болсын деді.
«Аллаға шүкір, қазір Алаш арыстарының арманы орындалды. Олардың басты арманы Тәуелсіз ел болу еді. Сол күнге жеттік. Ендігі бағытымыз – бабалар жолынан жаңылмай жалғастыру» деді тұсаукесер рәсімінен соң ҚМДБ Төрағасы.
Жаңа студия алдағы уақытта «Халық арна» телеарнасына тың өнімдер, сұхбаттар мен уағыздар әзірлемек.
Пікір қалдыру