ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ АТҚАРЫЛАДЫ (ФОТО)

Бұл туралы елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.
Бас мүфти жұртшылықты пандемия кезінде барынша сақтанып жүруге, адам көп шоғырланған орындарға бармауға, ауыз бекіткен жағдайда дұрыс тамақтануға, мүмкіндігінше жұмыс кестесін ыңғайлап, денсаулықты күтуге шақырды.

«Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауап алуды ниет еткен жандарға айтарым: ауызашар қораптарын еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы көмекке мұқтаж азаматтарға жеткізуге болатынын қаперлеріңізге саламын. Діни басқарма Рамазан айында санитарлық талаптарды сақтай отырып, қайырымдылық іс-шараларын жоспарлы түрде жүзеге асырады. Баршаңызды игі іске үлес қосуға шақырамын» деді Бас мүфти.