Түркістан Ахмет Ясауидің әсем де зәулім кесенесінің арқасында Орта Азияның рухани орталығына айналған қала. 1598-1628 жылдары Есім хан Ясыны Түркістан деп атап, оны Қазақ хандығының орталығы етті. Имамдарымыз қазақ хандары XVІІІ ғасырдың соңына дейін билік құрған жерге барып, тарихымен терең сусындап, құран оқылды.
Сапар барысында Семей өңірі Бас имамы Асқар Әбітайұлы бірге ьарған дін қызметкерлеріне: Тарихи-мәдени «Әзірет султан» қорық-мұражайының территориясында 164 атақты тұлғалар жерленген. Олар әртүрлі заманда өмір сүрген күллі қазақ халқының игі жақсылары. Кесенеде қазақтың Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тауке хан, Шығай хан, Жәңгір хан, Қанжығалы Бөгенбай, тобықты Мамай, қоңырат Сырғақ, т.б. ұлы тұлғалар жатқандығы айқын. Осы орайда ата-бабаларымыздың тарихын терең білу және келешек ұрпаққа жеткізу міндетіміз, деп сөзін қортындылады.
Соңында Құран хатім етіп, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілеп дұғалар жасады.
Семей қаласындағы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру