АЯГӨЗ ҚАЛАСЫ “ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ” МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕГІ ЖИЫН

Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде «Ихсан – рухани тәрбие» атты жиын өтті. Жиынға ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша Бас имамы Асқар Әбітайұлы арнайы келді. Сонымен бірге ауданға қарасты мектептердің тәрбие ісінің меңгерушілері, дінтанушылар, тарих пәні ұстаздары, аудандық газеттер редакторлары қатысты. Әуелі сөз алған ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Руслан Абай мырза аудан әкімі сәлемін жеткізіп, жиынға қатысушыларға алғысын білдірді. Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы өз кезегінде ҚМДБ тарапынан Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы жайында баяндап, Абай хакімнің ихсан ілімі жайында өскелең ұрпақтың тәрбиесі елдің жарқын болашағы екендігін айтты. Қасиетті Құран аяттарынан, Алла Елшісі (с.ғ.с) – ның хадистерінен, текті ата – бабаларымыздың ізгі сөздерін мысалдар келтірді. Сөз соңында жиынға қатысқан қауымға алғыс айтып, әр іске бақ – береке тіледі.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі