Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлының төрағалығымен «Шәкәрім қажы» мешітінде жылдық есептік жиналыс өтті.
Қала, аудан имамдары қатысқан алқалы жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы және жат ағым бағыттары, аймақтардағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет беріліп, слайд ретінде көрсетілді.
Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы жылдық есеп тапсырған аудан, қала мешіттерінің жұмыстарына оң баға беріп, имамдардың еңбегіне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайлы ескертіліп, келер жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды.
Сонымен қатар өңірге қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері мен имамдарына өңірдің бас имамы алғыс хат пен сыйлық табыстап, қызметтеріне сәттілік пен береке тіледі.
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру