Семей өңірінің имамдары сарбаздарға құрмет көрсетті. (Фото)

Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы бастаған және Семей өңірі имамдарының ұйымдастыруымен “Күшіміз бірлікте” акциясы аясында ыстық тамақ пен шәй салынған себеттерді қаламыздың сыртында орналасқан блокпосттардағы сарбаздарға таратты.

“Еліміздің тыныштығын сақтау әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Осындай қиын-қыстау уақытта қала имамдарымен сырт көз қалмай, сарбаздарға аз да болса, өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Алла Тағала еліміздің ішін әртүрлі даудан, сыртын жаудан сақтасын!” – деп атап өтті Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Айта кетсек, еліміздегі барлық мешіт имамдары блокпосттарда сарбаздарға ыстық тамақ пен азық-түлік үлестіруде.

 

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі