Бұл туралы елордада өткен жиналыста Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.
«2022 жыл басталғалы бері елімізде біршама тәртіпсіздік жағдайлар орын алып, ел тұрғындарының ынтымағы мен бірлігіне сызат түсіретін бейберекетсіз әрекеттер жасалды. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халқымызды бірлікке, тыныштыққа шақыруға үндейтін насихат жұмыстарын күшейте түсуі қажет. Сондықтан, 2022 жылды «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп атап, сол бағытта жыл бойы тиісті іс-шараларды атқаруды тапсырамын» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетейік жиынға Діни басқарманың бөлім басшылары мен Орталық аппарат қызметкерлері, сондай-ақ өңірлердің бас имамдары онлайн режимде қатысты.
Пікір қалдыру