Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісі басталды.
ҚМДБ басшылық құрамы мен Діни басқарма қызметкерлері, сондай-ақ облыс бас имамдарының қатысуымен өтіп жатқан жиын Құран аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел тыныштығы үшін дұға жасады.
Кеңейтілген Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылына арналған бағдарлық баяндамасын жасаса, бөлім басшылары жылдық жоспарларын назарға ұсынбақ.
Пікір қалдыру