Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қариялар – ел қазынасы» І республикалық ақсақалдар форумы өтті.
Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ ақсақалдар кеңесінің мүшелері Мырзатай Жолдасбеков, Өмірзақ Озғанбаев, Мұрат Жұрынов, Жабал Ерғалиев, Шалатай Мырзахметұлы, Марат Тоқашбаев сынды қоғам қайраткерлері мен Семей өңірінен Аманжол Хабасұлы, Асан Қайырбекұлы, Зейнолла Қалымбекұлы ақсақалдары мен Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы қатысты.
Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталса, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасап, арнайы дайындалған бейнеролик ақсақалдар назарына ұсынылды.
Форумның мақсаты – қазақ тарихындағы қариялардың рөліне тоқталып, қазіргі қоғамдағы ақсақалдың рөлін айқындай отырып, тәрбиенің тірегіне баланған аталар мектебін қалыптастыру.
Пікір қалдыру