Әйел ұстаздар жиналыс өткізді (ФОТО)

    ҚМДБ Семей аймағы өкілдігінің Әйел-қыздар секторы арнайы жиналыс өткізді.

Өкілдікке қарасты сектор жетекшісі Данагүл Төлегенқызының ұйымдастыруымен өткен жиынға аймақтың  қала, аудандардың әйел ұстаздары қатысты.

Сектор жетекшісі әр ауданда әйел-қыздар секторы жетекшілерінің жұмысын жандандырып, әйел жамағатына онлайн және офлайн дәрістер мен уағыз-насихатты көбейту керек екенін айтып өтті және осы жылы атқаратын жұмыс жоспарын түсіндіріп,  қала, ауданға тапсырмаларды бөліп берді.

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз хатшысы