СЕМЕЙ АЙМАҒЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ (ФОТО)

    Семей қаласының Бас имамы Асқар Әбітайұлы төралығымен қала, аудан имамдарымен онлайн,офлайн форматта жиыны өтті.

Айлардың сұлтаны Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында өткен жиналыста Бас имам Асқар Әбітайұлы қала және аудан мешіттерінің бас имамдарына қасиетті айда онлайн және офлайн форматта уағыз-насихат, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуін пысықтады.

Сондай-ақ Бас имам ораза айында ауызашар дастарқаны жайылуын, «Рамазан айында ішімдік сатылмасын!», «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәбәрігі, Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық шаралары, «Отбасы ауызашары», «Отбасы – рухани тәрбие ошағы», «30 күнге 30 видеоуағыз», БАҚ өкілдері арасында «Рамазан – рухани тәрбие айы» атты шығармашылық бәйгесі, «Өмірімді өзгерткен Рамазан!» пост (жазба) жазу, «Рамазан: балалар көзімен» балалар байқауын жоғары деңгейде өткізуді және т.б игі шараларды көптеп ұйымдастыруды тапсырды.

Семей аймағы мешіттерінде қасиетті Рамазан айын атап өту үшін арнайы жоспар бекітілді. Қаладағы барлық мешіттің ораза айына дайындығы пысықталды.  Рамазан – Құран айы. Сол себепті, осы айда қала мешіттерінде Құран әліппесі мен намаз үйрету курстары жүргізіледі.

 

 

“Абай Құнанабайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі