АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ АУЫСТЫ (ФОТО)

    Семей қалалық  “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің наиб имамы  Ниазов Ержан, Нұр-Сұлтан қалалық  «Төлебай» мешітіне наиб имам қызметіне ауысуына байланысты Қасиетті Жұма күні жамағат болып шығарып салу рәсімі өтті. Семей өңіріне  1,5 жылға жуық дін саласында  орталық мешітте қызмет атқарды.  Ержан Исаханұлына  Семей қаласының әкімі Құрмет грамотасын табыстап,  Бас имамы Асқар Әбітайұлы алғыс хат беріп,  шапан жабылды. Мешіт жамағаты ризашылықтарын білдіріп, наиб имамға ақ жол тіледі. Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы мешіт ұжымы мен жамағаттың алдында “Жаңа қызметіне Алла бұдан кейінгі дін жолындағы қызметіне жәрдем беріп, биік белестерден көрінуді нәсіп етсін!” -, деп ақ тілегін білдірді. Жамағаттағы ақсақалдар да батасын беріп, ақ жол тіледі.

“Абай Құнанабайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі