АЯГӨЗ: «ӘЙЕЛДЕР – ҚЫЗДАР» СЕКТОР АУЫЗАШАРЫ (ФОТО)

    Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері Рамазан ауызашарын жасады. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Ауыз бекіткендер тамақ жеп отырған уақытта тойғанға дейін, ауызашар берген адамға игілік тілеп тұрады» – деген. Бұл айда әрбір пенде дұғасының қабыл болуын, Алланың рақымына, кешіріміне бөленуін қалап Жаратқаннан тілек тілейді. Ауызашар қасиетті Құран Кәрімді оқумен басталып, Аягөз қалалық ұстазы Әсел Рымғалиқызының Рамазан шарапаты жайлы насихаты айтылды. Сонымен қатар, викториналық сұрақтар қойылып,   сыйлықтар табыстады.