ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай арнайы іс-сапармен Семей өңіріне келіп, өңір имамдарымен жүздесіп, уақып жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Ардақ Нүсіпханұлы Семей өңіріне қарасты қала, қала маңындағы аудан имамдарымен кездесіп, «Уақып – сарқылмайтын сауап» тақырыбында сұхбат өткізді. Көшпелі насихат жұмысында имамдарға уақыптың негізгі мақсаттары кеңінен түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру