АЯГӨЗ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІ (ФОТО)

       Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері “1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне” орай мерекелік шара ұйымдастырды. Топтарға бөлініп, төрт ұлттың ұлттық тағамдарын, салтын көрсетуге әр топ тырысып бақты. Ұлттық киімдерін киіп, тілі мен мәдениетінен сыр шертті. Шара қызықты өтіп, арты ауызашарға ұласты. «Бірлік болмай тірлік болмас» – деген аталы сөзді бабаларымыз бекер айтпаса керек. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік етері сөзсіз. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» – деген қағидатты ұстанған адам үшін бұл мейрамның орны ерекше.