АЯГӨЗ: ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

    Аягөз қалалық мешітіне жамағат таң бозынан ағылып келіп жатты. Мешіттің бас имамы Алмас Айткәрімұлы ораза айтпен жамағатты құттықтап, уағыз – насихат айтты. Айт намазы оқылып, қасиетті Құран Кәрим бағышталып, ел – жұрт амандығы тіленді. Мерекелік ас таратылып, балаларға балмұздақ үлестірілді. Жастар жағы арқан тартыс, гір көтеру сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылып, мереке ажарын аша түсті.