Аягөз қалалық орталық мешітінде зулхижжа айының 10 – шы жұлдызы айт намазына жамағат көптеп жиылды. Мешіттің бас имамы Алмас Айткәрімұлы «Құрбан айт әдептері» жайлы насихат айтып, құрбандық тәртіптеріне тоқталып өтті. Айт намазы оқылып, дүниеден өткендерге құран бағышталып, ел – жұрт амандығы тіленді. Айт намазына келген балаларға балмұздақ таратылып, мешіт ауласына екі секіріп ойнайтын секіргіштер құрылды. Айт намазынан соң жамағат үйлерінде және мал союға арналған орындарда құрбандық шалды.
Пікір қалдыру