Бүгін «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен “Тайқазан” жобасы аясында 1000 отбасыға гуманитарлық көмек акциясы бастау алды. Қайырымдылық шарасы он күнге жоспарланып отыр. Күніне акция аясында көмекке мұқтаж 100 жанұяға азық-түлік таратылатын болады. Жалпы ұзақ мерзімге жарамды азық-түліктердің бір отбасыға шаққандағы бағасы 20 мың теңгені құрап отыр.
Шара ұйымдастырушыларының сөзінше, алдағы уақытта бұндай игі бастамалар жиі өткізілмек.
Пікір қалдыру