БАС ИМАМ АЯГӨЗДЕ ҚҰПТАН УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Аягөз ауданына жасаған іс-сапары барысында ауданның орталық мешітінде құптан уағызы мен намазын жүргізді. 

Құлшылық үйіне жиналған жамағатқа облыстың Бас имамы ихсан ілімі жайлы уағыз-насихатын жеткізді. Рухани кездесу соңында көпшілік тақырып аясында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.