Аягөз қалалық мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Әйелдер–қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ақ жаулығым» шарасы өтті. Игі шараға «Әжелер мектебі» мүшелері және мешіт шәкірттері қатысты.
«Әйелдің қорғаны» – саналатын ақ жаулықтың орыны қоғам үшін әркезде де жоғары. Қасиетті Құран оқылумен басталған шарада сұрақ – жауап, қазақы ұлттық бас киім үлгілері көрсетіліп, өлең жолдары оқылды. Дәстүрлі ойын ойнатылып, үлкендер бата-тілек жасап, қонақтар домбырамен қонақ кәде арнады.
Пікір қалдыру