АҚСАҚАЛДАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАТА САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінде ақсақалдар арасында «Бата – бақытты болудың кілті» атты облыстық бата сайысы өтті. Қала және аудан-ауылдардан жиналған 25 қатысушы батаның мазмұны, орындау шеберлігі, жатқа айтуы мен қазақы киім үлгісі бойынша критерийлері негізінде бағаланды.

Әділ-қазылар шешімімен ақсақалдар арасынан үздік деп танылып 1 орынға Көкпекті ауданы, екінші орынға Ақсуат ауданы, ал үшінші орынға Жарма және Абай аудандарының қариялары ие болды. Бата жарысының жеңімпаздарына қаржылай сый беріліп, қатысушыларға алғыс хат және бағалы сыйлықтар табысталды.