“РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ” 100 ОТБАСЫН ҚУАНЫТТЫ

ҚМДБ Абай  облыстық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» акциясы бастау алды.

Қасиетті айдың құрметіне орай өткізілген қайырымдылық шарасында «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиұлы, Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы және қайырымдылық қордың жергілікті мамандары тұрмысы төмен 100 отбасыға азық-түлік салынған қоржындарды жеткізіп, берекелі Рамазанмен құттықтады. Қайырымдылық акциясында әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылар, мүгедек жанды асыраушы жанұялар қамтылды.