ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ “РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ” ТАРАТЫЛДЫ

Абай облысында орналасқан ҚАЖД №20 түзету мекемесінде 100 адамға, және №19 түзету мекемесінде 40 адамға “Рамазан қоржыны” таратылды. Игі шараның ұйымдастырылуына қалалық “Тыныбай” және “Тас” мешіттерінің жамағаты демеушілік жасаған. 

Аталған шара барысында Нұрбек Нәдірұлы жиналған көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, оразаның қасиеті мен пайдасы туралы түсіндірді. Сондай-ақ, кездесуде басшыға бағыну және Алла Тағала берген нығметтердің қадірін білу сынды тақырыптар қозғалды.

Кездесуге қатысқан жазасын өтеушілер имамдар мен жамағатқа рахметін айтып, ризашылықтарын білдірді.