Саудияның «әл-Наср» футбол клубы француз жаттықтырушысы Зинедин Зиданға бас бапкер болуға ұсыныс тастап, жұмысына рекордтық жалақы төлейтінін жариялады.
Нақтырақ айтқанда, саудиялық тарап оған екі маусым үшін 120 млн доллар беруге келісіп отыр.
Әзірге француздық бапкер бұл ұсынысқа жауап білдірген жоқ. Бұған дейін «әл-Наср» ұзақ уақыт бойы бас бапкер қызметін атқарған Руди Гарсиямен келісімшартты үзген болатын.
Айта кетсек, саудиялық клубтың атағы әйгілі фуболшы Криштиану Роналдуды сатып алғаннан кейін әлемге жайылды. Зиданды да сол ұсынған болуы бек мүмкін, өйткені ол Зидан жаттықтыратын мадридтік «Реалда» ойнағаны белгілі.
Пікір қалдыру