Халқымыздың әдет ғұрпында Ислам дінінен бастау алған құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі бар. Ол әсіресе жауын-шашын аз болған кездері жүзеге асырылады. Мұны барша халық біледі әрі жан-жақты түсінеді.
Бүгін Абай облысының біршама мешітінде құрбандық шалынып, оған мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары, имам-молдалар атсалысты. Ал құрбандық еттері мұқтаж жандарға, дін жолында оқып жатқан шәкірттерге таратылды. Кейін шариғат талаптарына сай Алла Тағаладан жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды.
Пікір қалдыру