Аягөз қаласындағы оңтүстік қалашықта орналасқан әскери бөлімде «Мәнсул» мешітінің имамы Мұрат Жақсылықұлы сарбаздармен кездесті.
Жиынға Аягөз гарнизонының Әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімшесінің офицері әділет аға лейтенанты Қ. Қайдаров, орталық көпсалалы ауруханасы психологы Ж. Ахметова және учаскелік инспектор полиция капитаны А.Абдоллаев қатысты. Сонымен қатар 10810 және 10181әскери бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялықжұмыстары жөніндегі орынбасарлары жиналды.
Әскерилерге «Суицидті алдын алу», «Есірткі және ішімдіктердің зардабы», «Өмір – сырға толы қызық әлем» атты тақырыптарда тренинг және «Теріс дініи ағымдар, олардың қоғамға тигізетін әсері және дәстүрлі діннен айырмашылығы» жайында сабақ жүргізіліп, насихат айтылды. Басқосуда қатысушылар тарапынан қойыылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы уақытта осындай жиын жалғасын табады деп келісілді.
Пікір қалдыру