ІЗГІ ҚОҒАМ – ӨЗІҢДІ ӨЗГЕРТУДЕН БАСТАЛАДЫ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Аягөз қаласына жасаған іс-сапарында ҚМДБ-ның РАНТ тобының мүшесі Жанболат Жұматұрұлымен бірге қалалық Әлеуметтік қамту орталығының мамандарымен кездесті. «Ізгі қоғам – өзіңді өзгертуден басталады» атты аймақтық көшпелі семинар ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұйымдастырылып отыр.
Кездесуде ізгі қоғам қалыптастыруда діни сала мамандарының жұмысы баса назарда екендігін айтылып, рухани саланың заман ағымына сай көшпен бірге жаңарып, қарқынды қызмет атқарылуы қажеттігі сөз болды.
Жиын соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап ала алды.