Жұма намазынан кейін Абай облысы бойынша Шариғат және пәтуа бөлімінің жауапты маманы Қуаныш Файзоллаұлы мешіт жамағатына Пәтуа сағатын өткізіп, ҚМДБ «Пәтуалар жинағы (3-том)» кітабында баяндалған «Тұрмысқа шыққан әйелге ерінің тегіне өқтудің үкімі» туралы пәтуаны түсіндіріп берді.
Келесі кезекте жамағат тарапынан қойылған «8 Наурыз мерекесін тойлаудың үкімі», «Антты бұзудың кәффараты», «Спирт қосылған дәріні үшудің үкімі», «Жұма құтпасы кезінде дұға тілеудің үкімі» және т.б. сынды бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Абай Құнанбайұлы облыстық орталық мешітінде әр жұма намазынан кейін Пәтуа сағаты өтетінін естеріңізге саламыз.
Пікір қалдыру