Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылы басымдық беретін 5 бағыттың бірі Жат діни ағымдардан сақтандыру бағытының Абай облысы бойынша жауапты маманы Мақсат Дүйсенбекұлы Абай облыстық Дін істері басқармасының жауапты мамандарымен бірге Бесқарағай ауданына іс-сапар жасады.
Сапар барысында бірнеше мектептерде кездесулер жүргізіп, «Дін және жастар» тақырыбында баяндама жасады. Үлкен өмірге қадам басқалы отырған жастарға білімнің маңыздылығы, ұстаздарға құрмет турасында насихат айтып, үлкен қалаларға оқуға түскен уақытта түрлі жат діни ағым өкілдерінің арбауына түсіп қалудан сақтандырып, жат ағым өкілдерінің белгілері мен өз қатарларына қосу мақсатындағы құйтырқы тәсілдерін таныстырды. Жиын соңында оқушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді.
Пікір қалдыру