АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА БАС ИМАМ МАЛ СОЮ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Құрбан айттың басталуына да санаулы күндер қалды. Осы орайда, ҚМДБ, Абай облысы өкілдігі Құрбан айтқа жан-жақты дайындық жүргізіп жатқанын еске салайық. Атап айтқанда,

  • Құрбан айтқа байланысты облыстық жиын өткізді.
  • Қасапшыларға арналған семинар өткізілді.
  • Қажетті мал сою орындарымен алдын-ала келіссөздер жүргізілді.
  • Жауапты мамандар Құрбандыққа шалатын малдарды тауып, бағасымен келісіп, кәсіпкерлерді мал бағасын белгілеуде ынсапты болуға шақырды.
  • Qurban2024.kz сайтының жұмысы жанданып, құрбандық шалуға онлайн өтініштер қабылданып жатыр.
  • Жергілікті әкімшіліктердің қолдауымен қала-аудандарда Құрбан айтпен құттықтаған баннерлер ілінді.
  • Халықты сауаттандыру мақсатында Құрбандық шалуға қатысты әртүрлі видео, фото, жазба түрінде пайдалы ақпараттар таратылды және т.б. бірқатар істер атқарылуда.

Кезекті шаралардың бірінде Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы, қала әкімінің орынбасары Арайбек Аманкелдіұлы, Ішкі саясат бөлімі, Ветеринария бөлімі, Полиция басқармасы мамандары және Құрбан айтта өткізілетін шараларға жауапты мешіт қызметкерлері Северный базарындағы мал сататын орынды, Жоламан кентіндегі және Дальный кентіндегі алдын-ала келісілген мал сою орындарын аралап, қасапхана бөлмелерімен, ет сақтайтын тоңазытқыштармен танысып, дайындықтарын пысықтап, Құрбан айтта Хақ пен халыққа қызметті абыроймен атқарып шығуды тілесіп тарқасты.