ҚҰРБАН АЙТ – 2024 (2-ШІ КҮН) 900 ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ, 1950 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ

Құрбан айт – мұсылман қауымы қуанышқа бөленіп, өзара жанашырлықтары мен береке-бірліктері арта түсетін мереке. Бұл күндері қаншама мұқтаж отбасы мешіттерімізге өз өтініштерін қалдырады. Осы өтініштер негізінде Құрбан айт күндерінде шалынған құрбандық еттері халыққа таратылып, қайырымдылық жасалады.

Биылғы жылғы Құрбан айттың 1-2-күндерінде Абай облысы бойынша мешіт қызметкерлері мен жанашыр азаматтардың ұйымдастыруымен оффлайн негізде 629 қой, 46 ешкі, 109 сиыр, Qurban2024.kz сайты арқылы алдын ала тапсырыс берумен онлайн жүйе бойынша 102 қой, 14 ешкі құрбандыққа шалынып, 1950 мұқтаж отбасыға құрбандық еттері таратылды.

Құрбандық шалушы кісілер де, құрбан еттерін алған халық та мешіт қызметкерелеріне, жанашыр азаматтарға алғыстарын білдіріп, алдағы жылғы айтқа да амандықпен жетуге тілектестіктерін жеткізді.