ҚҰРБАН АЙТТА БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАНДЫ

Құрбан айт – мұсылман қауымының мерекесі дейміз. Олай болса, бұл күндері құрбан шалып, мұқтаждарға көмек көрсетумен ғана шектелмеген дұрыс. Әсіресе, кішкентай балаларымызға Құрбан айтты ерекше күтетіндей қуаныш сыйлауға тырысқанымыз жөн.

Осы орайда, Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешіттің ұйымдастыруымен барлық қала мешіттерінде «Имани жаз» жазғы діни сауат ашу курсында тәлім алып жүрген 200-ге жуық балаларды мешіт ұстаздары BALA PARK ойын сауық орталығына апарып, көтеріңкі күй сыйлап қайтты. Сондай-ақ, балаларға Айттық сыйлықтары таратылып, Құрбан айттың мереке екендігін сезіндіруге тырысты. Мешіт үшін жеңілдік жасаған BALA PARK ұжымына алғыс білдіреміз.

Бұл игі шара аудандық, ауылдық мешіттерде де жалғасын тауып, мешіт шәкірттеріне айттық сыйлықтары берілді.

Айттан айтқа аман-есен жетіп, балаларымыз иманды да, ибалы болып өсе берсін!