АБАЙ ОБЛЫСЫ: ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ

Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте ел ағасы, дін жанашыры, ұлт қамқоршысы Құнанбай қажы Өскенбайұлы атамыздың 220 жылдық мерейтойына арналған ХІІІ Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауына іріктеу сайысына болып өтті. Өңірімізде тұңғыш рет ерекше форматта өтіп отырған байқау Құран Кәрімді мәнерлеп оқу, 10 параны, 20 параны және толық Құран Кәрімді жатқа оқу номинациялары бойынша өтіп, жарысқа барлығы 24 қари қатысты.
Қаламызды Құран нұрына бөлеп, береке кіргізген дүбірлі додаға елімізге белгілі қарилар, атап айтқанда, «Қауамаддин Әл-Итқани Әт-Түркістани» атындағы Республикалық қарилар дайындау орталығының директоры, тәуелсіз еліміздің тұңғыш қариларының бірі Сәдуақас қари Олжабай, 5 қырағаттан ижаза (рұқсатнама) иегері, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шымкент шаһарында Сейітжан қари атындағы республикалық мешіттің бас имамы, белгілі дін ғалымы Ерсін Әміре ұстаз және ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Ахметов Серік қари төрелік етті.
Тартысты өткен сайыста Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша:
1-орын (80 мың тг) – Нұғыман Ералы
2-орын (70 мың тг) – Абылайхан Сеилханұлы
3-орын (50 мың тг) – Ерболат Елуханұлы
10 пара номинациясы бойынша:
1-орын (100 мың тг) – Билал Надирұлы
2-орын (80 мың тг) – Абдулла Шукриллаұлы
3-орын (70 мың тг) – Жандос Нұрболатұлы
20 пара номинациясы бойынша:
1-орын (150 мың тг) – Нұрмұхаммед Ерғалиұлы
2-орын (100 мың тг) – Еркебұлан Қиясұлы
3-орын (80 мың тг) – Суннатуллаһ Низамиддинұлы
30 пара толық Құран Кәрімді жатқа оқу номинациясы бойынша:
1-орын (200 мың тг) – Дінмұхаммед Бахытжанұлы
2-орын (150 мың тг) – Мағжан Қалелұлы
3-орын (100 мың тг) – Мұхаммед Естурұлы сынды қариларымыз жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, жарысқа қатысушы барлық қариларға Алғыс хат және Абай облысы мешіттерінің демеушілігімен әрқайсысына 30 мың теңгеден қаржылай сыйлық берілді.
Бұл сайыстың бас жүлде иегерлері ХІІІ Республикалық Құран байқауына жолдаманы иеленді.
Облыстық Құран байқауына қолдау көрсетіп, жеңімпаздардың қаржылай жүлделелеріне толықтай демеушілік жасаған Абай ауданы әкімшілігі мен Құнанбай қажы қорына ерекше алғысымызды білдіреміз!
Алла Тағала жеңімпаз қариларымыздың зейіндерін ашып, Республикалық байқауда бақтары жануын нәсіп етсін! Құранның нұрымен, Құранның бересімен елімізге береке жаудырсын! Мінез-құлқы, өмірлік ұстанымдары мен әрбір әрекеті Құран Кәрім құндылықтарымен үйлескен ұрпақтарымыз көбейсін деп тілейміз!