ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Абай облысы, Абай ауданында “Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасын жасады.
Бас мүфти ең алдымен Аягөзде жұма намазын өткізіп, Абай ауданына жолға шықты. Жидебайға келіп Абай мен Шәкәрім бабаларымыздың қабіріне зиярат жасап, 100 Құран хатым дұғасын бағыштады.
Одан кейін Құнанбай әулетінің ата қонысы болған Ақшоқыға келіп, Құнанбай қажы әулеті жатқан Ақшоқы қорымын зиярат етті. Зияраттан соң Бабалар рухына 100 хатым шарасы өтіп, Бас мүфти дұғасын жасады.
Құран хатым дұғасынан соң Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына орай салынған мұражай-кешенін аралап көрді.
Пікір қалдыру