Абай облысы, Семей қаласында “Aq-Niet” сауда белгісімен шығатын ұн өнімдері «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Жұма намазға жиналған жамағат алдында Абай облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Файзоллаұлы мұсылман адам өміріндегі адал астың ерекше орнына, халықты адал тағам және қызмет түрлерімен қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқтала келе кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстады.
Кәсіпорынның өндіріс аумағында «Халал Дамудың» мамандары бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, тағамдық қоспаларына зертханалық сынама орындалды. Сертификаттау шараларының оң нәтижесінен кейін, «Ай-Ар» ЖШС-не тиесілі “Aq-Niet” ұн өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды.
Пікір қалдыру