АБАЙ ОБЛЫСЫ: ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ КЕЗЕКТІ ПӘТУА САҒАТЫ

Жұма намазынан кейін Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте жұмаға келген жамағаттарға Пәтуа сағаты өтті. Пәтуа сағаты кезінде Шариғат және пәтуа бөлімінің Абай облысы бойынша жауапты маманы Қуаныш Файзоллаұлы “Сиқырмен айналысудың үкімі”, “Доңыз ферменттері қосылған дәрі ішуге бола ма?”, “Құранмен емдейтін емшілерге баруға бола ма?” және т.б. секілді жамағаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, Пәтуа сағаты әр жұма намазынан кейін тұрақты түрде өтеді. Қандай да бір сұрақтары бір жандар Жұма намазынан кейін қалып сұрақтарын қоюына болады.