ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ өмірге келген Мәуліт айының құрметіне орай Семей қаласындағы №20 Түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында білім сайысы өтті.

Сайысқа барлығы 15 адам қатысты. Білім сайысы 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаяны бойынша дайындалған тест сұрақтарына жауап беріп, жоғары балл жинаған 8 қатысушы келесі кеңзеңге өтті. 2-кезеңде қатысушыларға қазақ мақал-мәтелдері беріліп, соған үйлесетін Пайғамбар хадистерін жазу тапсырылды. Бұл кезеңнен суырылып шыққан 4 адам қорытынды кезеңге өтті.

Қорытынды сайыста қатысушылар Алла елшісінің ﷺ бір сүннетін айта отырып алға бір қадам жасады. Осылайша тоқтап қалмай соңына дейін жеткен үш адам сайыс жеңімпаздары аттанды.

Жеңімпаздарға Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының атынан Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Сайысқа қатысушы жандар алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай игі шаралар өтіп тұрса деген тілектерін жеткізді.