ҚМДБ “ҚАМҚОР-ШАРАПАТ” салттық қызмет көрсету орталығының Абай облысы филиалының ұйымдастыруымен Абай облысына қарасты барлық мешіт қызметкерлері мен белсенді жамағаттары жергілікті зираттарға сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қабір бастарын таза ұстау, зират тұрғызған соң артық қалдықтар мен қоқыстарды тазалап кету аса қажетті нәрсе. Бұл мұсылмандардың марқұмдарға құрметі болып саналады. Сенбілік барысында қабір тұрғызушылар тарапынан қажетті санитарлық талаптардың жеткілікті деңгейде сақталмайтындығы, сондай-ақ, жол жиектерінде де артық қоқыстардың шашылып қалатындығы байқалып, тиісті мекемелерге хабар берілді.
Пікір қалдыру