Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Алматы қаласына сапары барысында “Әбу Ханифа” медресе-колледжінің 3 курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында шәкірттермен емен-жарқын сұхбат құрып, өзінің дін қызметіндегі тәжірибесімен бөлісе келе, келешек түлектерге медресе ілім жолының бастауы ғана екенін, әрі қарай да тоқтап қалмай білім жетілдірудің қажеттілігін жеткізді.
Сондай-ақ, “Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден”, – дегендей болашақта алған білімдерін халыққа көркем түрде жеткізіп, еліміздің игілігі үшін дінге қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Медресе шәкірттеріне Абай облысындағы діни ахуалды баяндап, әлі де өңірімізге жас мамандар мен білікті кадрлардың керек екенін, өз кезегінде дін мамандарына қажетті жағдай жасауға жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.
Жиын соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Пікір қалдыру