БАС ИМАМ НМУ СТУДЕНТТЕРІНЕ ГРАНТТАР ТАБЫСТАДЫ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Алматы қаласына сапары барысында Нұр-Мүбәрак универсиетінде оқып жатқан Абай облысының шәкірттерімен кездесті. Студенттерге арнайы дастарқан жайып, ақ жарқын тілегін, ағалық ақылын арнады. Діни білімнің маңыздылығына тоқтала келе, сонымен қатар, төл тарихымыз бен бабалар дәстүрін де терең түсіну қажеттігін қаперлеріне салды.

Сондай-ақ, бірқатар студенттерге Абай облысы әкімдігінің гранттарын табыстап, ілім жолында жүрген шәкірттерді бір қуантып тастады. Өз кезегінде студенттер Асқар Әбітайұлына алғыстарын білдіріп, алдыңғы буын ұстаздардың жас шәкірттерге осындай қолдаулары үлкен жігер беретіндігін жеткізді.