Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың “Ізгі қала тұрғындары” тұжырымын басшылыққа ала отырып, Зекет және қайырымдылық қоры Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен қаламыздағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға күнделікті қажетті азық-түліктер мен қыстық аяқ киімдер берілді. Қайырымдылық шарасы адамдарды мейірімділік пен жанашырлыққа, өзара көмек пен бір-біріне жан-жақты жәрдемдесуді негізге алатын ізгі қоғам құруға шақыруды мақсат етті.
Ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) “Өзіңе қалағанды өзгеге де қаламайынша, толық мұсылман бола алмайсың”, – деген өсиетін ескерсек, мұсылман қауымы әрқашан айналасындағы мұқтаж жандардың жағдайынан жадынан шығармауы керек.
Пікір қалдыру