ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Абай Құнанбайұлы мешіті ұжымы, Зекет қоры мамандары және мешіт жанындағы Студенттер үйінің шәкірттері Тәуелсіздік күніне орай еліміздің азаттығы жолында құрбан болған бірегей тұлға Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың басына барып, батырдың рухына Құран бағыштап дұға жасады.

Сондай-ақ, жас студенттерге тәуелсіздігіміздің оңай жолмен келмегендігі, егемендігімізді баянды ету әрбір жас ұрпақтың мызғымас мақсаты болуы керектігі айтылды. Алла елімізді аман, тәуелсіздігімізді қияметке дейін еткей!