ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының басшысы Қайырғалиев Мақсатбек Абай облыстық Абай Құнанбайұлы мешіті жанындағы Студенттер үйінде өткен “ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ” атты аймақтық форумға қатысты.
Мақстабек Мақсотұлы форумға қатысушы ерікті азаматтар мен Семей қаласы мешіттерінің қайырымдылық бағытына жауапты мамандарына «Ерікті болу – өркениеттілік пен мәдениеттіліктің белгісі» тақырыбында баяндама жасап, еріктіліктің эковолонтерлық, этноволонтерлық және т.б. бірқатар түрлері туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, Ислам дінінідегі қайырымдылық жасаудың мән-мағынасы мен өзіндік ерекшеліктері туралы сөз қозғап, Зекет пен Уақыптың айырмашылығы туралы баяндады.
Жастарды қоғамға пайдалы болуға шақырып, мұның Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиеті екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ға қарасты Зекет және қайырымдылық қорының атқарып жатқан іс-шаралары, жаңаша бастамалары және келешектегі жоспарлары, шет елдердегі қайырымдылық істерінен көрген тәжірибелері жайлы егжей-тегжейлі баяндады.
Қазіргі таңда әлемді толғандырып отырған Арал мәселесі туралы сөз қозғап, Зекет және қайырымдылық қорының бастамасымен Аралға ағаш егу акциясы өткізілгені туралы да жеткізді. Сондай-ақ, бұл шара алдауғы уақытта да өтетінің айтып, ерікті жастарды алда болатын “Аялы ағаш – саялы” атты Аралға ағаш егу акциясына белсене қатысуға шақырды.
Студенттер еріктілік пен қайырымдылыққа қатысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Пікір қалдыру