АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АЯГӨЗ ҚАЛАСЫНДА (ФОТО)

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы іссапары барысында Аягөз қаласына келді. Аудан әкімі Данияр Қайырханұлының қабылдауында болып, жаңа қызметімен құттықтап, «Дін мен дәстүр» кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар аудан көлеміндегі діни ахуал жайлы сөз қозғап, аудан имамы Нұржан Медеуханұлымен алдағы атқарылар істер жайын бөлісті.