ҚМДБ “QAMQOR SHARAPAT” салттық қызмет көрсету орталығының Абай облысы филиалының басшысы Арман Мелсұлы Абай облысы имамдарына семинар өткізді. Семинарда осы жылға қойылған жоспарлармен таныстырып, тапсырмалар берілді.
Арман Мелсұлы «Зират және зиярат мәдениеті» туралы маңызды құжатты басшылыққа ала отырып, зираттарды цифрландыруды тапсырды. Қала, аудан имамдарына ас мәзірі, зиратты қоршау туралы уағыз-насихат жұмыстарын жасауды айта өтті. Табыттың жаңа үлгісімен таныстырды.
“QAMQOR SHARAPAT” бөлімінің Абай облыстық филиалының жұмысы кезең-кезеңімен жетіле түсуде. Абай Құнанбайұлы орталық мешіті жанында мәйтіхана халыққа лайықты қызмет көрсетуде. Мұнда мәйіт сақтауға арналған 3 тоңазытқыш және марқүмды жуындыратын арнайы орын бар. Жаназа рәсімін атқаруға арналған кебін мәзірлерімен де қамтамасыз етілген. Сонбай-ақ, жақында ғана демеушілердің көмегімен мәйіт тасымалдауға арналған көлік сатып алынды.
Пікір қалдыру